Бас мүфти көпбалалы отбасыларды қуанышқа бөледі (ФОТО)

10 шілде 2022 3028 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы отбасылар тұратын жатақханаға арнайы зиярат жасап, қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Кең аулаға қаз-қатар салынған бұл пәтерлерде бүгінде тоғыз отбасы тұрып жатыр. 30-ға жуық бала келген қонақтарды айтпен құттықтап, жамырай қарсы алды. Балалардың барлығына арнайы айттық сыйлықтары үлестіріліп, сәбилердің шат күлкісі мен аналардың ақ батасы ауладағы мереке мерейін арттыра түсті. Отбасылардың барлығына алғашқы құрбандық еттері беріліп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айт мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Тұрғындар да қонақтарға өз ілтипаттарын білдіріп, айттық дастарқанына шақырды. Қазақы салтымызға сай есік алдынан қолға су құйып, сүлгі ұстаған балақайлар үлкендерден бата алғанына тағы бір қуанып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру