Бас мүфти науқастың көңілін сұрап, мерекемен құттықтады (ФОТО)

04 мамыр 2022 2449 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы №1 ауруханада емделіп жатқан Қайсар Садықанұлын ораза айт мейрамымен құттықтап, көңілін сұрады.

2011 жылы жол апатына ұшырап, кеуде омыртқасы сынған Қайсар Садықанұлы мүгедек арбасына таңылса да, мойымай келеді. Тағдырындағы сынаққа жылдар бойы сабыр етіп, ауыр жағдайына қарамастан, Алладан үмітін үзбей келе жатқан ол «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрақты жамағаты.

ҚМДБ Төрағасы алдағы уақытта науқастың еміне Діни басқарма мен «Зекет және қайырымдылық» қоры тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді. Өз кезегінде Қайсар Садықанұлы да Бас мүфтиге қолдау білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, алғыс айтты.  

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру