БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БЕЛГІЛІ ШЫҒЫСТАНУШЫ ҒАЛЫМ, ПРОФЕССОР ӘШІРБЕК МУМИНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы белгілі шығыстанушы ғалым, профессор, филология ғылымдарының докторы Әшірбек Муминовпен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар діни-ағартушылық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ғылыми зерттеулер мен мәдени жобаларды бірлесіп іске асыру, сондай-ақ жастар арасында рухани-әдеби білімді насихаттау мәселелерін талқылады.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстандағы діни бірлік пен дәстүрлі құндылықтарды сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде профессор Әшірбек Муминов еліміздегі діни білім мен мәдениет саласындағы жетістіктерге ризашылығын білдіріп, алдағы бірлескен жобаларға үлес қосуға ниетін білдірді.



Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі