БАС МҮФТИ НҰР-МҮБӘРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

08 қыркүйек 2026 73 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры доктор, профессор Мұхаммед Уардани мырзаны және проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлын қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Мысыр арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, тарихи-мәдени байланыстарды нығайту және білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені кеңейту мәселелері талқыланды.

Бас мүфти өз сөзінде: Мысыр мен Қазақстан арасындағы тарихи байланыстың тамыры тереңде жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы тарихи сабақтастықтың сонау Сұлтан Бейбарыс дәуірінен бастау алатынына назар аударылды.

Кездесуде Нұр-Мүбарак университетінің білім беру бағыттарына қатысты ұсыныстар да айтылды. Атап айтқанда, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін тереңдете оқытуға, ұлттық құндылықтарды ғылыми тұрғыдан зерделеуге басымдық беру қажеттігі атап өтілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру