Бас мүфти Қарилар дайындайтын орталыққа арнайы барды (ФОТО)

03 желтоқсан 2021 1065 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияның Конья қаласына келіп, сапарын жалғастырды. Ең алдымен Бас мүфти бастаған делегация Коньядағы «Байтул-Хикмет» Құран жаттау орталығына барып, қазіргі тынысымен танысты.

Құран курсының жетекшісі Хусейн Арпаджы қазіргі таңда орталықта 175 бала тәлім алып жатқанын жеткізді. Қазақстаннан келген делегацияны шәкірттерге таныстырып, балалардың білім алып жатқан орталығын көрсетті.

Жиында арнайы сөз алған Бас мүфти дініміздегі Құран оқу, оны жаттаудың маңызы жайлы айта келе Қазақстан мен Түркия елдері арасында қалыптасқан достық байланыс, дінаралық татулық жайында тереңірек баяндады.

Кездесу барысында Құран курсының басшылығы мен Конья мүфтиіне қонақкәде табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру