Бас мүфти қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты (ФОТО)
19 қаңтар 2022
3856
0
Оқу режимі
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыдағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына арнайы барып, көңіл айтты. Қаралы үйге Құран бағыштап, туған-туысты сабырға шақырды.
«Қазақ мұндайда «тас түскен жеріне ауыр» деген. Әрине ет жақыныңнан айырылу оңай емес. Сіздерге Алладан көркем сабыр тілейміз. Қасиетті Құранда қиындықтан соң, бір жақсылықтың келетіні айтылған. Сынаққа сынбай, сабыр етсеңіздер, Жаратқанның пендесіне берер сыйы мол. Алла Тағала марқұмдардың жанын жәннаттық етсін!» – деп жарылқау тіледі.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру