БАС МҮФТИ РАНТ ҚҰРАМЫНА ҚАБЫЛДАНҒАН МАМАНДАРҒА КУӘЛІК ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

01 желтоқсан 2023 2020 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық ақпараттық-насихат тобы құрамына жаңадан қабылданған имамдармен кездесті.

Жиында Бас мүфти білікті дін қызметкерлерін құттықтап, РАНТ мүшесінің арнайы куәлігін табыс етті.

«Асыл дінімізді насихаттауда РАНТ құрамының маңызы зор. Өздеріңіз білетіндеріңіздей РАНТ мүшелігіне еліміздегі білікті дін мамандары арнайы аттестаттаудан өту арқылы алынады. Осы уақытқа дейін өңірлерде РАНТ мүшелерінің атсалысуымен атқарылған елеулі жұмыстар көп. Әйтсе де, әлі де РАНТ жұмыстарын жетілдіру қажет. Осыған орай бүгін өздеріңізді РАНТ құрамына кірулеріңізбен құттықтаймын!

Сіздерді Діни басқарманың аясында атқарыталын сауапты да жауапты аманатты барынша өз деңгейінде атқаруға шақырамын. РАНТ сапарына барған уақытта дәстүрлі дінімізді білімнің негізінде жеткізумен қатар, халық арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды, қабылданған құжаттарды жан-жақты жеткізсеңіздер деген тілегім бар» деді Бас мүфти.

Еске сала кетейік, биыл өкілдік бас имамдары РАНТ құрамына 8 дін қызметкерін ұсынған болатын.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру