БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

04 қыркүйек 2026 144 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе қаласында «Досжан хазірет тағылымы және ұлттық руханияттың сабақтастығы» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-танымдық конференцияда арнайы баяндама жасады.

«Досжан хазіреттің мұрасын жастар тәрбиесіне тиімді пайдалану аса маңызды деп санаймын. Бүгінде тарихи тұлғалардың өнегесін жас ұрпаққа жеткізудің маңызы өте жоғары. Жастар тек қазіргі заманның ақпаратын ғана емес, өз халқының рухани тарихын да білуі керек.

Өз тарихын білген ұрпақтың ұлттық санасы берік болады. Өзінің рухани тамырын таныған жастарымыз жат ағымның жетегіне оңай ермейді. Дінін дұрыс таныған жас буын өкілдері дінді қоғамнан бөліну үшін емес, қоғамға пайда келтіру үшін ұстанады.

Бабаларымыздың мұрасын ұлықтау – өткенге тағзым ету ғана емес, болашаққа жол көрсету деген сөз. Досжан хазіреттің есімін ұлықтау арқылы біз оның жеке тұлғасын ғана емес, қазақ даласындағы білім, иман, бірлік, еңбек, елдік және адамгершілік дәстүрін дәріптейміз» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру