БАС МҮФТИ САПАРБАЕВ ӘУЛЕТІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ
10 маусым 2023
2223
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты.
«Бердібек Машбекұлы нағыз ұлтжанды, дініміз бен дәстүріміздің жанашыры болды. Ол мемлекеттік жоғары лауазымды қызметте жүрсе де уақыт тауып, мүфтияттың игі іс-шараларына қатысып, ағалық ақыл-кеңесін айтатын. Бердібек Машбекұлының елін сүйетін, еңбекқор қасиеті жастар үшін мәңгі өнеге болмақ. Алла Тағала ағамызды мейіріміне бөлеп, жәннатын нәсіп етсін. Иманы өзіне серік болғай» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жедел хатында.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру