Бас мүфти сарбаздарға рухани тұрғыдан қолдау білдірді (ФОТО)

10 қаңтар 2022 2667 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен игі-іс шараға қатысты.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері ыстық тамақ пен азық-түлік салынған себеттерді Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолында орналасқан блокпосттағы сарбаздарға үлестірді.

«Мемлекетіміз елімізде болған жағдайды қалыпқа келтіру үшін қажетті шешімдер қабылдап, тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда. Біздің де аз да болса үлесіміз болсын деген ниетпен сарбаздарымызға ас-су әкеліп, оларға рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп жатырмыз. Алла Тағала еліміздің шетін жаудан, ішін даудан сақтасын», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, еліміздегі барлық мешіт имамдары блокпосттарда сарбаздарға ыстық тамақ пен азық-түлік үлестіруде.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру