БАС МҮФТИ ШАХТАДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ

28 қазан 2023 2009 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Шахтада болған қайғылы жағдай барша Қазақ елінің жанына қатты батуда. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмдардың отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Алла Тағала қаза тапқан бауырларымызды мейіріміне бөлеп, жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Алла ауыр сынақтарды бастан кешіп отырған отбасыларға көркем сабыр берсін. Жаратушы Иеміз еліміз бен жерімізді түрлі апаттардан, жамандық атаулыдан аман еткей. Әмин» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру