Бас мүфти Түркістанда теология факультетінің жұмысымен танысты (ФОТО)

13 қазан 2021 3081 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды.

Ең алдымен Бас мүфти жақында ашылған Теология факультетінде оқытылатын пәндер, аудитория, жарық көрген ғылыми еңбектермен танысты. Сондай-ақ профессор Метин Йылмазбен сұхбаттасып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Ал факультет деканы, профессор Досай Кенжетай Ясауи ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен таныстырып, қазіргі теология мамандығының ерекшелігіне тоқталды.

Бұдан кейін Бас мүфтиге университет кітапханасындағы дінтану саласында, оның ішінде тәпсір, хадис, тасаууф ілімі жайлы әдебиеттер таныстырылды. Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы «Muftyat» баспасынан шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын кітапхана басшысына сыйға тартып, оқу ордасының ұжымына табыс тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру