Бас мүфти Ыбырай Алтынсарин кесенесінде ағартушы ұстаз рухына Құран бағыштады (ФОТО)

23 маусым 2022 625 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Ыбырай Алтынсарин кесенесіне барып, ағартушы ұстаз рухына Құран аяттарын бағыштады.

«Алла Тағала ағартушы ұстаздың рухын пейіште шалқытып, ұлт болашағы үшін жасаған ерен еңбегіне мол сауаптан жазғай!» – деп дұға етті Бас мүфти.

Айта кетсек, кесене-кешенде ағартушы ашқан мектептердің картасы көрсетілген, мектептер тізімі ойып жазылған мәрмәр тақта бар. Осы жерде тек Ыбырайдың бейіті ғана емес, атасы Балғожа, әкесі Алтынсары жатқан үлкен қорымның болғаны жөніндегі ақпарат жазылған қара гранит тас орнатылған.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру