БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

05 қыркүйек 2022 2311 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің құрылысымен танысты.

Бас мүфти мешіттің құрылыс сапасына, көлік тұрағына, құрылыс жұмысының жоспарланған мерзімде аяқталуына назар аударды.

Айта кетсек, демеушілер мен ерікті жандардың көмегімен салынып жатқан мешіт құрылысы бір ай көлемінде толық аяқталады. Құлшылық үйінде бір мезетте 1000 адам намаз оқи алады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру