БАС МҮФТИ ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА: АҚ НЕКЕЛЕРІҢДІ БҰЗБАҢДАР (ФОТО)

27 сәуір 2023 2215 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «Әнет баба» мешітінде жас отбасыларға уағыз айтты.

«Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Бақара» сүресінің 187-аятында ерлі-зайыптылар жайында: «Өйткені бір-біріңді қорғауда олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» деп баяндаған. Бұл аят ер мен әйелдің бір-біріне қаншалықты жақын екенін көрсетеді.

Шапағат пен мейірімнің үлгісі болған, барлық ісі жақсылық пен түсіністікке негізделген Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйелдердің құқықтарын аяқасты етпеңдер, Алладан қорқыңдар. Өйткені, сендер оларды Алланың аманаты ретінде алдыңдар» деп өсиет еткен. Сондықтан өмірдің өткінші сынақтары үшін ақ некелеріңізді бұзбаңыздар. Себебі ажырасу – Аллаға ұнамсыз іс» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында Бас мүфти салтымызға сай сәбилердің құлағына азан шақырып, есімін қойып, жас отбасылардың бақыты үшін дұға жасады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру