Бас мүфти жастармен жүздесті (ФОТО)

18 наурыз 2019 6094 0
Оқу режимі

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Гуманитарлық заң колледжінде жастармен кездесті.

Бас мүфти студенттерге өмірлік мақсатты дәл қою, жаман әдеттен сақ болу, мемлекетшіл патриот тұлға болып қалыптасу, ата-ананы сыйлау, елге қызмет ету, ұстазды құрметтеу, өзгені дінсіздікте айыптамау, қабілетті дамыту, дәстүрлі құндылықтарды жоғары қою, т.б. тақырыптар төңірегінде ақыл-кеңесін айтты.

«Кез келген елдің өзіндік құндылықтары бар. Халық сол құндылықтарды әрдайым жоғары қояды. Біздің халқымыздың құндылықтары – имандылық, ізеттілік, бірлік, толеранттылық, т.б. Сіздер жалындаған жастық шақта көптеген игіліктерге қол жеткізе аласыздар. Жастық – Алланың берген сыйы. Сондықтан, ардақты пайғамбарымыз кәрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін білуге шақырған. Демек, жас адамның бағындырар белесі көп болмақ. Оқуда озат боп, таңдаған мамандық бойынша елге қызмет ету – адамдық ісі», – деп атап өтті Бас мүфти.

Серікбай Сатыбалдыұлы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған колледж директоры Саят Нұрланұлына «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын, ал студенттерге «Тәпсір тұнығы» еңбегін сыйға тартты.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, студенттер көкейтесті сауалдарына жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру