БАС МҮФТИ ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

24 ақпан 2023 2354 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған жұмыс сапарында Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінде болып, жас спортшыларға насихат айтты.

«Алла Тағала Құранның бірнеше жерінде ықыласпен игі амал жасаған пенделеріне қуанышты хабар жеткізген. Мысалы, «Хаж» сүресінің 37-аятында: «...Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр!» делінсе, тағы бір аятта: «Кім ықыласпен жақсылық істей отырып, жүзін Аллаға бұрса, онда оның сыйлығы – Раббысының құзырында. Әрі оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды» («Бақара» сүресі, 112-аят) деп баяндалған. 

Өмірде жетістікке жетем десеңіздер әрбір істі ықыласпен орындауға ден қойыңыздар. Алла Тағала сіздерге еліміздің туын көкте желбірету жолында күш-қуат нәсіп етсін. Елдің мақтанышына айналуларыңызға тілектеспін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.  

Кездесу барысында бапкерлер мен спортшылар Бас мүфтиге көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру