Бас мүфтилер Бас мешітте бесін намазын оқыды (ФОТО)

11 қазан 2018 6785 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі бесін намазына көршілес Ресей мен Тәжікстан елінің Бас мүфтилері келіп қатысты. Елорда төрінде төрткүл әлемнің дін лидерлерін түгел тоғыстырған сьезд жұмысына келген Равиль Гайнутдин мен Саидмукаррам Абдулкодирзода бесін намазына орай Бас мешітке бас сұғып, жамағатпен бірге құлшылықтарын өтеп қайтты.

Бас мешіт жамағатымен бірге Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының соңынан сап түзеп, намаз оқыған қос елдің дінбасылары дұға жасап, қазақ елінің, барша адамзат баласының амандығын тілеп, бейбітішілік пен бірлік сұрап бата қайырды. Намаздан соң Равиль Гайнтудин мен Саидмукаррам Абдулкодирзода Бас мешіт жамағатымен жүздесіп, жылы лебіздерін білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру