Бірінші наиб мүфти Muslim.kz ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады (ФОТО)

28 маусым 2019 5053 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайтының ғаламтор көшіне алғаш қосылып, халық руханиятына өзіндік үлесін қосып келе жатқанына биыл жетінші болмақ. Осы жылдар ішінде тың тәжірибелер жинақтап, жұмыстың жүйесін тапқан Muslim.kz сайты бүгінде өз оқырманы орныққан, бағыт-бағдары қалыптасқан беделді порталдардың біріне айналып отыр. Мешіт басшылығының қолдауымен бірнеше рет соңғы технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сайт нұсқасының жаңартылып отыруы да осы жетістіктерге жол ашып келеді. Күнделікті жарияланып тұратын Ислам әлеміндегі жаңалықтар, түрлі тақырыптарға бөлінген мақалалар, видео және аудио өнімдерден бөлек, қазіргі таңда сайт бетінде намаз үйрету үлгісі, тест сұрақтары, 3D саяхат секілді қосымшалардың болуы да Бас мешіттегі баспасөз саласына көрсеткен қамқорлық пен қолдаудың арқасы екені сөзсіз.

Қасиетті жұмаға тұспа-тұс келген журналист қауымының төл мерекесінде де Muslim.kz порталының қызметкерлеріне айрықша құрмет көрсетілді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сайт ұжымымен арнайы кездесу өткізіп, бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Әзірет Сұлтан» мешітінің арнайы «Алғыс хатын табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру