Call-орталық оқырман сауалын жауапсыз қалдырмайды

13 мамыр 2020 5095 0
Оқу режимі

Рамазан айы басталғалы ҚМДБ-ның Call-орталығында тыным жоқ. Тәулік бойы жұмыс істейтін орталықтың 33-30-30 нөміріне күніне бірнеше қоңырау шалынады.

Орталық мамандарының айтуынша, ораза айы кіргелі 722 қоңырау тіркелген. Тұрғындардың 120-сы – Рамазан айына,  228-і – құлшылыққа, 86-сы – отбасылық, 7-сі – діни ағымдар, 53-і – несие-қарыз, сауда-саттық, қалған 228-і әртүрлі тақырыптағы сұрақтар бойынша қоңырау шалған.

Сол секілді орталықтың әлеуметтік желілері арқылы 618 сұрақ қойылды. Оның 336-сы – Рамазан айы, 127-сі – құлшылыққа қатысты, 2-еуі – теріс ағымдар туралы, 11-і – несие-қарыз сауда-саттық жайлы, 128-і басқа да тақырыптар бойынша сұрақ қойған.

Еске сала кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен наурыз айында ҚМДБ Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы ашылған болатын. Сұрақтар туындаған жағдайда Діни ақпарат орталығына (call-center) хабарласуға болады. Орталықтың білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру