ДАИШ тұтқыны болған қыз Нобель сыйлығына ие болды

09 қазан 2018 6408 0
Оқу режимі

Әйгілі Нобель сыйлығының биылғы жылғы иегерлері анықталды. Әртүрлі сала бойынша берілетін әлемдік жүлденің бейбітшілік бағытындағы сыйлығы Денис Муквеге мен Надя Мурадқа табыс етілді.

Айта кетейік, Денис Муквеге – конголық гинеколог дәрігер. Зорлық-зомбылық құрбандары болған әйелдерге көмек көрсетуге мамандандырылған госпиталь салған 63 жастағы Денис бұған дейін де бірнеше әлемдік марапатқа ие болған. БҰҰ адам құқығы жөніндегі жүлдесі мен Сахаров атындағы сыйлықты иеленген ол осы кезге дейін мыңдаған нәзікжандыға көмек көрсеткен екен.

Ал, ирактық құқыққорғаушы Надя Мурад осы кезге дейін БҰҰ-ның қылмыс және есірткіге қарсы басқармасының ерікті елшісі қызметін қоса атқарып келген. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер құқығын қорғаумен келе жатқан Надя да бұған дейін Сахаров атындағы сыйлықпен марапатталған болатын.

Айта кетейік, Надя Мурад есімі оның Ирак жерінде ДАИШ тұтқынында үш ай болып, құтылып шыққаннан кейін әйгілі болған еді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру