ДАРХАН ДАЛА: АСТАНА ИМАМДАРЫ АБАЙ ЖЕРІНДЕ (ФОТО)

08 қыркүйек 2025 1231 0
Оқу режимі

Астана қаласының имамдары «Дархан дала» жобасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қазақ ғұламасының туған топырағына зиярат жасады.

Сапар барысында дін қызметкерлері Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған маңызды орындарды аралап, ұлт перзентінің мол мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Атап айтсақ, зиярат кезінде Жидебайдағы Абайдың үйі, «Абай-Шәкәрім» мемориалды кешені, Қарауылдағы Абай ескерткіші және Семей қаласындағы Абай орталығы қамтылды. Астана имамдары аталмыш орындарда ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет алып, оның рухына Құран бағыштады.

Ақынның 180 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шаралар Абайдың мұрасын ұлықтап, оның рухани әлеміне терең бойлауға мүмкіндік берді, сондай-ақ Астана имамдары қазақ халқының мәдени мұрасы, тарихы мен рухани құндылықтарына тағы бір рет көз жеткізді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру