ДІНИ БАСҚАРМАДА ИМАМДАРҒА АРНАЙЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

30 мамыр 2023 1242 0
Оқу режимі

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Имам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында өткен V республикалық имамдар форумына қатысқан дін қызметкерлеріне арнайы семинар өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы имамдарға насихат айтудың әдіс-тәсілдері жайлы дәріс жүргізді. Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы имамдар арасында рухани бірлікті арттырудың, дін жолында ықыласпен аянбай еңбек етудің маңызы туралы насихат айтты.

Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы мен ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков имамдарға діни салада қызметтік этиканы сақтаудың маңызын жеткізді.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру