Діни басқарманың ресми сайтында 3697 контент жарияланды (ФОТО)

31 желтоқсан 2021 2810 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты www.muftyat.kz ресми сайтына 3697 материал салынды. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы баяндады.

«Нақтырақ айтатын болсақ, 2601 жаңалық, 175 мақала, 101 сұрақ-жауап, 455 фото, 365 видео материалдар әзірленді. Жыл басынан бері 24 апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында 24 мақала, 24 сәрсенбілік сұқбат, 14 видеоматериал, 168 апталыққа қатысты картинкалар әзірленді. Діни басқарманың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына 1711 материал жарияланды. (facebook – 597, instagram – 234, Vkontakte – 451, telegram – 429).

Діни басқармаға қарасты 19 өкілдіктің 22 ресми сайтына 64 022 материал салынды. Нақтырақ айтатын болсақ, 8 184 мақала, 12 345 жаңалық, 21 296 сұрақ-жауап, 18 017 онлайн дәрістер, 4180 видео материалдар әзірленді» деді Ағабаек Қонарбайұлы. 

Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Жомарт жұма» бастамасы ұсынылып, қоғам тарапынан қолдау тапты.

Бүгінде 19 өкілдікке қарасты 854 әлеуметтік желі парақшасы бар. Жалпы жазылушылар саны – 8 099 486 оқырман. Бір жыл көлемінде әлеуметтік желілерге 134 302 контент жарияланды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру