ДІНИ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ЖӘНЕ ПӘТУА БЕРУ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

08 ақпан 2024 804 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттердегі діни сұрақтарға жауап және пәтуа беру жұмыстарына жауапты мамандар бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде бас қосып, талқылау жиынын өткізді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары Жұманазар Садырханов пен Ибраев Темірлан қатысушыларға жылдық жоспарды таныстырып, жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қабылданған шешімдермен таныстырды. Астана қаласы бойынша пәтуаға жауапты маман Темірлан Ибраев дін қызметкерлеріне есеп беру үлгісін таныстырып, тиянақты жұмыс істеуге шақырды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру