Дубайда «әлемнің үздік ұстазына» миллион доллар табысталды

26 наурыз 2019 5634 0
Оқу режимі

Дубайда 2015 жылдан бері үндістандық бизнесмен Санни Варкеяның қайырымдылық қоры қолдауымен өтіп келе жатқан «Әлемнің үздік ұстазы» салтанатты шарасы өтті.

Биыл бұл марапатқа әлемнің 179 елінен 10 мыңнан аса үміткер қатысқан. Бас жүлде Кенияда ауылдық мектепте нақты ғылымдар бойынша дәріс беріп жүрген әрі айлығының көп бөлігін мұқтаждарға беріп келген 36 жастағы монах Питер Табичке бұйырды.

Конкурс жеңімпазы жұмыс істейтін мектепте бір ғана компьютер бар, ал мұғалімге 60 оқушыдан келеді.

Еске салсақ, Санни Варкея қоры марапаты БАӘ вице-президенті және премьер-министрі, Дубай әмірі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мақтұмның қолдауымен өтеді, деп жазады Islam Today.

Пікірлер Кіру