ЕЛ ЕГЕМЕНДІГІ БАЯНДЫ БОЛСЫН!

16 желтоқсан 2022 2366 0
Оқу режимі

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

Қадірлі отандастар!

 

Баршаңызды Алланың халқымызға нәсіп еткен нығметі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, әр отбасыға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Егемендігімізді баянды ету – баршаға ортақ асыл іс. Әр ата-ана өз ұрпағын тәуелсіздікті қастерлеуге үйретсе, мектеп мұғалімі оқушыны отаншыл болуға баулыса болашағымыз баянды болмақ.

Тәу етер Тәуелсіздігіміздің Тәңір берген тәтті сый екенін және оны сақтап қалу мен қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезіне түсуге тиіспіз.

 

Құрметті жамағат!

Әуелі Алланың қалауымен, Тәуелсіздігіміздің арқасында мешіттеріміздің есігі айқара ашылып, асыл дінімізбен қайта қауыштық. Құдайға шүкір, жоғалтқанымызды жаңғыртып, тарихымызды түгендедік.

Ендеше, біз Тәуелсіздік, Отан сынды қастерлі ұғымдардың аясында бірігіп, ел егемендігін нығайтуға үлес қосуымыз қажет. Өйткені, Құранда Аллаға Тағала: «Бір-біріңе ізгі істе көмектесіңдер» деп бұйырған.

Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық, халқымызға ауызбіршілік нәсіп еткей. Алланың берген сыйы – Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай. Әмин!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру