«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

23 қыркүйек 2023 1037 0
Оқу режимі

Бүгін Қонаев қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыс етті.

Қайырымдылық акциясының 676-пәтер кілті Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылының тұрғыны Гүлзира Алданқызына табысталды. 

Сонымен қатар көптеген қайырымдылық іске себепкер болып, мұқтаж жандардың баспаналы болуына мұрындық болып жүрген Алмабек Амантайұлына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ризашылығын білдіріп, ұмра қажылығының сертификатын тарту етті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру