ЕЛІМІЗДЕ 8 АЙДА 17 938 АДАМ ДІНИ САУАТ АШТЫ (ФОТО)

10 қыркүйек 2022 1763 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты республиканың түкпір-түкпіріндегі мешіттерде 2022 жылдың алғашқы 8 айында 17 938 тұрғын діни сауат ашу курсын тәмамдады. Бұл туралы ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков айтты.

Елордада өткен кеңейтілген Орталық аппарат жиналысында Смайыл Сүйерқұлұлы «Діни білім және ғылым» бағытында қаңтар-тамыз айларының есебін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына баяндады.

«Биыл «Имани жаз» діни сауат ашу курсына мектеп жасындағы 28 932 оқушы қатысса, оның 18 694-і ұл бала, 10 238-і қыз бала. Сондай-ақ еліміз бойынша 9375 имам әртүрлі форматтағы семинар курсқа қатысса, Нұр-Мүбәрак университетін, еліміздегі 9 медресе-колледжді және Түркиядағы «Хасеки» институтын 603 түлек тәмамдады. Ал жаңа оқу жылына орай медресе-колледждерімізге 1305 талапкер құжат тапсырса, оның 926-сы емтиханнан сүрінбей өтіп, 1-курсқа қабылданды», – деп атап өтті бөлім меңгерушісі.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру