Елімізде Құрбан айт мейрамы басталды (ФОТО)

09 шілде 2022 2337 0
Оқу режимі

Бүгін елімізде күллі мұсылманның ұлық мерекесі – Құрбан айт басталды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде уағыз айтып, жамағатпен бірге айт намазын оқыды.

Бас мүфти: «Қасиетті Құрбан айт – мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі. Айт – сөзі «әл-ғиду» сөзiнен шығып, мереке, мейрам, қуаныш деген мағыналарды білдіреді. Қасиетті Құрбан айт күні мұсылман адам айт намазын оқып, құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады. Бұл күндерді ұлықтап, адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлау – тақуалық белгілерінен», – деп, ұлық мейрамның әдептеріне жеке-жеке тоқталды.

Еліміздегі зәулім мешітке жиналған жамағат Бас мүфтимен бірге елдің амандығы, тыныштығы үшін дұға тілеп, құрбан шалуға ниеттенді. Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы мешіт ауласында ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесі мен спорттық шараларға куә болды. Сондай-ақ киіз үйде арнайы жайылған дастарқаннан дәм татып, батасын берді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты барлық мешітте айт намазы оқылып, мерекелік іс-шаралар басталып кетті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру