Елорда әкімі Рамазан айымен құттықтау хатын жолдады (ФОТО)

01 мамыр 2020 5144 0
Оқу режимі

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қасиетті Рамазан айына орай қала бас имамы Ерболат Жүсіповке құттықтау хатын жолдады. Исі мұсылман қауымы сағына күтетін ұлық айдың Қазақстан халқына берекелі болуын тілеп, Елорда өкілдігі атқарып жатқан игі шаралардың жемісті болуына тілектестігін білдірген.

«Өскелең ұрпаққа дәріптеуге бағытталған ізгілікті істеріңіз қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарының тірегі болатынына сенімдімін» делінген құттықтау хатта.

Шаһар басшысының құттықтау хатын Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Әлмұқанов Нұрдәулет арнайы жеткізіп, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Ерболат Жүсіповпен кездесті. Құттықтау хатын арнайы табыс етіп, қасиетті Рамазан айына орай ізгі тілегін жеткізді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру