ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ «АЛЖИР» МЕМОРИАЛДЫ-МҰРАЖАЙ КЕШЕНІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

01 маусым 2023 1453 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасында «Халықты оятқың келсе, оның тарихын оят» деген сөздің мәні тереңде» дей отырып, діни оқу орындарының бағдарламасына факультатив дәріс ретінде «Алаштану», «Тұлғатану» пәнін енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Мақсат – болашақ дін мамандарын ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу. Осы жобаны қуаттай отырып, елорда имамдары қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, «АЛЖИР» мемориалды-мұражайына экскурсиялық сапармен барып, ұлт тарихындағы қасіретті оқиғалармен танысты.

Суреттер топтамасымен «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан таныса аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру