ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ «АСТАНА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНА» ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО)

28 қазан 2024 448 0
Оқу режимі

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен «Ихсан» бағыты аясында елордалық имамдар «Астана ботаникалық бағына» арнайы ат басын бұрып, ондағы тропикалық өсімдіктер әлемімен танысты.

2018 жылы құрылған Астананың ботаникалық бағындағы екі жылыжайда (суккулентті және тропикалық): литопстар, непентес, банан, араукария, кумкват, цикад өсімдіктерін кездестіруге болады.

Оранжереяның біріне фикус, лимон, драцен, апельсин, папоротник, пальма және басқа да тропикалық мемлекеттерден тасымалданған 1100 өсімдік отырғызылған. Әлемде сирек кездесетін коллекциялық кактустар мен гибридтер де бар. Жылыжай ішіндегі климат бірқалыпты, 18-20 градустың шамасында. Әр жылыжайдың аумағы 700 шаршы метр, жалпы 2 мыңнан аса өсімдік түрлері өсіп өнеді.

Пікірлер Кіру