ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ «БАБАЛАР ІЗІМЕН» КІТАБЫНЫҢ МАЗМҰНЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

18 қазан 2025 941 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда имамдарына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының мазмұны мен мән-маңызы таныстырылды.

Жиында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов кітаптың дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттаудағы, жастарды рухани тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап өтті. Қатысушыларға кітаптың әр бөлімінің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғам үшін маңыздылығын жеткізді. Кітапта қазақ халқының діни тарихы, дәстүрлі ислам танымы, сондай-ақ дін мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығы жан-жақты қарастырылған.

«Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы тек дін саласының мамандарына ғана емес, жалпы оқырман қауымға арналған. Кітап арқылы оқырман дәстүрлі исламның қазақ қоғамында қалыптасу жолдарын, оның ұлттық мәдениетпен байланысын және жастарды рухани тәрбиелеу тәсілдерін жан-жақты таныса алады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру