ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ БАС МЕШІТТЕГІ ПАЙҒАМБАР КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

16 қазан 2023 1508 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған дін қызметкерлері кеше Республикалық Бас мешітте Мәуліт айының құрметіне орай Мұхаммед пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған көрме жұмыстарын тамашалады. Қасиетті жұма күні басталған үшкүндік көрме жұмыстары жамағатқа ардақты Пайғамбарымыз жайлы толықтай ақпарат беріп, ұлы ұстаздың өнегелі өмірімен танысуға арналған.

Көрме жұмыстарын тамашалауға, сондай-ақ, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Жақсылықұлы, ҚМДБ Пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы да келіп, сауапты шараға ризашылықтарын білдіріп қайтты.

Айта кетейік, Пайғамбарымыз туралы жан-жақты қамтылған көрме жұмыстары 19 қазан күні ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өтетін «Ізгілік жаршысы Әз Мұхаммед» атты Мәуліт кешінде көрсетілетін болады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру