ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ МӘШҺҮР ЖҮСІП КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

11 қыркүйек 2023 1630 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің қызметкерлері кешегі жексенбі күнінде сауапты саяхатқа арнап, атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне зиярат жасап қайтты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» жобасы аясында қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған ұжым сапар барысында Павлодар және Қарағанды облысының имамдарымен кездесіп, қос өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Халық әспеттеп әулие атап кеткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне барып, арнайы Құран бағыштаған елордалық имамдар бабамыздың мұражайына да бас сұғып, тарих пен тағылымға қанығып қайтты. Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Мәшһүр Жүсіптің кіндігінен өрбігінен ұрпақтарына ізгі білдіріп, Астана өкілдігі атынан естелік сыйлық табыстады.

Сапар аясында астаналық имамдар Павлодар облысының Баянауыл, Екібастұз аудандарына ат шалдырып, дін қызметкерлерімен дала төсінде сұхбат құрды. Қайтар жолда Қарағанды облысына да ат басын бұрып, өкіл имам Естай Айтуғанұлы бастаған әріптестерімен де жылы жүздесу өткізді. Кездесу соңында өкіл имамдарға арнайы алғысын білдіріп, естелік сыйлықтарын тарту етті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру