Елорда имамдарына діни оңалту бағыты бойынша семинар өтті
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Жат ағым – жолдан тайдырады» тақырыбында елорда имамдарына арналған семинар ұйымдастырылды.
Жиынға ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің басшысы Данияр Кенжалин, Астана қаласы өкілдігі бойынша Діни оңалту бағытына жауапты маман Рақымқазы Қабдысалым және елорданың дін қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу, діни тұрақтылықты сақтау және халық арасында дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жат идеологиялардың белгілері, олардың таралу жолдары және оларға қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері сөз болды.
Жиында сөз сөйлеген Данияр Кенжалин дін қызметкерлерінің жауапкершілігіне тоқталып, жамағатпен жұмыс барысында діни сауаттылықты арттырудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар тұрғындардың діни сұрақтарына ғылыми негізде жауап беру, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және оңалту бағытындағы тәжірибелер жөнінде ой бөлісті.
Кездесу аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Семинар қорытындысында діни тұрақтылықты нығайту және жат ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі