ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ(ФОТО)

24 қаңтар 2024 1736 0
Оқу режимі

Елорда имамдары «Әзірет Сұлтан» мешітінде жылдың алғашқы алқалы жиынын ұйымдастырды. Жиында 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, қорытынды жасады.

Жиынға ҚМДБ, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы және ҚМДБ, Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы қатысты.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы жуырда өткен ҚМДБ-ның 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын қала, аудан имамдарына кеңінен таныстырып, нақты тапсырмалар берді.

Діни басқарма биылғы жылға көптеген жаңа бастамаларды енгізген. Сондай-ақ биылғы жылды ҚМДБ «Ислам және дәстүр құндылықтары» деп атауына байланысты ізгілікті насихаттап, игілік жасау жолында дәстүрімізге басымдық беріледі. Сонымен қатар имамдар әдеттегідей бес бағыт аясында жұмыс атқаратын болады. Ол бағыттар қашан да діни қызмет пен қоғам үшін аса маңызды екені белгілі. Сондықтан да дәстүрлі бес бағыт бойынша жыл бойы атқарылатын жұмыстарды сапалы, тиянақты және жоспарға сәйкес жүзеге асыру қажет екенін ескертті.

Сонымен қатар «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясындағы ҚМДБ бекіткен айтулы шараларды ұйымдастыру, ҚМДБ бөлім тапсырмаларын басты назарда ұстап, уақытылы орындау тапсырылды. 

Жиын қортындысында 2023 жылы белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

 

 

Пікірлер Кіру