Елорда имамдарының жалпы жиналысы өтті (ФОТО)

05 наурыз 2020 4735 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елорда имамдарының кезекті жалпы жиналысы болып өтті. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жақында ғана Нұр-Сұлтан өкілдігінің бас имамы болып тағайындалған Ерболат Жүсіпов қала имамдарымен жақынырақ танысып, жұмыс жоспарымен бөлісті.

Жиналыс барысында Елорда мешіттерінің қасиетті Рамазанға дайындығы, құлшылық ордаларындағы оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық шараларының жұмыс пысықталып, бірқатар жаңа тапсырмалар жүктелді. ҚМДБ 30 жылдығына орай жүзеге асырылатын 30 игі шара жайы талқыланып, жұмыс жоспары түзілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру