Елорда мешіттері біркүндік жалақыларын Арыс халқына аударды (ФОТО)

27 маусым 2019 5581 0
Оқу режимі

Тосыннан болған апат тыныштығынан айырып, тұра көшкен Арыс халқының ауыр жағдайы бүгінде қазақ даласының әр түкпіріндегі жанның қабырғасына батып тұрғаны анық. Алыстағы ағайынға қол ұшын созып, қарайласуға талпынғандардың қатары да күн санап көбейіп келеді. Бірліктің бекем үлгісін танытқан халықтың ықыласы мен мейірі – бұл ауыр шақтың да салмағын азайта түсері сөзсіз.

Арыстағы ағайынның ауыр халі белгілі болысымен еліміздің түкпір-түкпірінде қайырымдылық шаралары қолға алынып, ҚМДБ өкілдіктері бойынша гуманитарлық керуендер ұйымдастырыла бастаған болатын. Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің бастамасымен «Елорда асары» жарияланып, жамағат көмегін Арыс халқына жеткізу жоспарланған болатын. Алла қаласа, апта соңында Елорда халқының жылуы Арыс жұртына жететін болмақ.

Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Елорда мешіттерінің қызметкерлері біркүндік жалақыларын Арыс халқына аударып отыр.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру