ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

19 қазан 2026 121 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы елорда мешіттерінде ас беру мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу және ұлттық дәстүрдің тағылымды мәнін дәріптеу бағытында жамағатқа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мешіт имамдары 2025 жылы өткен республикалық имамдар форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті» құжатын жамағатқа таныстырып, ас беру рәсімдерінде қарапайымдылықты сақтау, орынсыз шығынға жол бермеу және ел арасындағы бәсекелестіктен арылудың маңызын түсіндіруде.

Уағыз барысында ас берудің мәні мол дастарқан жаюмен немесе өзгелерден асып түсуге ұмтылумен өлшенбейтіні айтылды. Оның негізгі мақсаты – марқұмға Құран бағыштап, дұға жасау, ағайынның басын қосып, сауапты іске ұйытқы болу.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру