ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

27 қазан 2026 66 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы елорда мешіттерінде әйел-қыздар жамағатына «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында рухани кездесулер ұйымдастырылып, ас беру әдебіне қатысты уағыз-насихат жүргізілді.

Кездесулер барысында мешіт ұстаздары құдайы ас берудің мәні мен мұсылмандықтағы орнын түсіндіріп, бұл рәсімнің негізгі мақсаты марқұмды еске алып, оған дұға бағыштау, ағайын-туыстың басын қосу және сауапты амал жасау екенін жеткізді. Сонымен қатар ас беру кезінде даңғазалық пен орынсыз шығынға ұрынбай, қарапайымдылықты ұстанудың маңызына тоқталды.

Уағыз-насихатта халық арасында қалыптасқан ас беру дәстүрін дұрыс түсініп, оны шариғат талаптарына сай атқару мәселесі де қозғалды. Ұстаздар ас беруді өзгелермен бәсекелесетін рәсімге айналдырмай, марқұмның рухына дұға жасау мен ізгі ниетті алдыңғы орынға қою қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру