ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ ШӘКІРТТЕРГЕ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ
27 қазан 2026
66
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы елорда мешіттерінде шәкірттерге ас беру мәдениеті, ысырапшылдықтың алдын алу және той өткізу әдебі жөнінде ақпараттық-насихат сабақтары өткізілді.
Насихат барысында құдайы ас берудің мәні мен мақсаты түсіндіріліп, марқұмға дұға бағыштау, сауапты амал жасау және ас беру кезінде қарапайымдылықты сақтау мәселелері қозғалды. Сондай-ақ ас беруді бәсекеге айналдырмай, орынсыз шығынға жол бермеудің маңызы айтылды.
Сонымен қатар шәкірттерге той-томалақта ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, әдеп сақтау және шариғат талаптарын ескеру жөнінде түсіндірілді. Мұндай сабақтар жас буынның діни танымын кеңейтіп, дәстүрдің мәнін дұрыс түсінуіне және ысыраптан сақтануына бағытталған.









Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру