ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНІҢ ӘЙЕЛ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА РАМАЗАНҒА ҚАТЫСТЫ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

02 сәуір 2023 1906 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел қыздар секторына қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің және «Рақымқызы Раиса ана» мешітіне қарасты «Раиса ана» қыз келіншектер мектебінің ұйымдастыруымен «РАМАЗАН – РУХАНИ АЗЫҚ» атты интеллектуалды білім сайысы өтті. Елорда мешіттерінің әйел шәкірттері қатысқан бұл шарада «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Яхия қажы Исмаилов алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Астана өкілдігі бойынша жетекшісі Зарина Шамидуллақызы сөз алып, қасиетті айда өтіп жатқан бұл шараның маңызын атап өтті. «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер» кітабы бойынша өткен сайысқа шәкірттерден құралған 6 команда қатысты. Сайысқа «Астана» қыздар медресесінің ұстаздары қазылық жасап, әділ шешімін шығаруға тырысты.

Сайыс түрлі деңгейдегі 5 кезеңнен құралды.

Жарыс нәтижесі бойынша 3-орынды Республикалық Бас мешіттің шәкірттерінен құрылған  «Райян» тобы иеленсе, «Рақымқызы Раиса ана» мешітінің шәкірттерінен құралған «Фирдаус гүлдері» тобы аздаған басымдықпен 2-орынға жайғасты. Ал бас жүлдені «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты «Инабат» қыз-келіншектер клубының атынан шыққан «Инабат» тобы қанжығасына байлады. Жеңімпаз командалардың барлығына бағалы сыйлықтар беріліп, арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, білім сайысына қатысқан басқа командаларға да ынталандыру сыйлығы берілді.
Суреттер топтамасын ФОТОГАЛЕРЕЯ айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру