Елорда мешіттерінің жазғы жұмыс жоспары талқыланды (ФОТО)

20 мамыр 2022 612 0
Оқу режимі

Кеше ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің жалпы жиналысы өтіп, Елорда мешіттерінің жазғы жұмыс жоспары талқыланды. Бас имам Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жиында қаладағы 12 мешіттің Рамазан айындағы және Ораза айт мерекесіндегі жұмыс есебі тыңдалып, жаз айларындағы жұмыс жоспары бекітілді.

Жиыналыс барысында 1-20 маусым күндері ұйымдастырылатын «Имани жаз 2022» жазғы сауат ашу курсы жұмыстарын арнайы талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айындағы жұмыс қарқынын жоғалтпай, басқа да бағыттарға, әсіресе, қайырымдылық жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Осы бағыт аясында маусым айы науқас жандарды зиярат етуге арналса, шілде айында жетім балаларға қамқорлық жұмыстары жүргізілмек. Тамыз айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында жұмыстар атқарылатын болмақ.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру