Елорда мешіттерінің жылдық қорытынды есебі тыңдалды (ФОТО)

03 желтоқсан 2020 4289 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің жылдық қорытынды есеп беру жиналысы болып өтті. Шаһар бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен қорытынды жиналыста Елордамыздағы 12 мешіт бас имамдары 2020 жылы атқарылған іс-шаралар есебін баяндады. Есеп беру үлгісіне сәйкес мешіттердің қорытынды мәліметтері арнайы слайд ретінде экраннан көрсетіліп, жазбаша үлгісі тапсырылды.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі мешіттер жұмысы бірнеше іргелі бағыттар бойынша жүзеге асып келеді. Осыған сәйкес, қала мешіттерінің бас имамдары уағыз-насихат жұмысы (онлайн және офлайн форматта өткен), оқу-ағарту бағыты, қайырымдылық шаралары, теріс ағыммен жұмыс, пәтуа және діни рәсімдер, мешіт істері мен шаруашылық, Жастар және Әйел-қыздар секторлары бойынша, имамдардың Баспасөз және БАҚ-пен жұмыстары бойынша есеп беріп, қосымша сұрақтар бойынша да толыққанды мәлімет беріп отырды.

Жиналыс соңында келесі жылғы жұмыс жоспарына байланысты діни қызметкерлер ұсынысы мен өтініштері тыңдалып, ортақ жобалар түзілді. Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов биылғы жылдың жалпы есебін жариялап, кейбір бағыттар бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, өкілдік қызметкерлерінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын сараптай келіп, мешіт бас имамдары мен наиб имамдарына, өкілдіктің баспасөз саласындағы қызметкерлерге арнайы «Алғыс хат» табыстап, марапаттау рәсімін өткізді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру