Елорда өкілдігінің әйел ұстаздары жаңа оқу жылына дайындықтарын пысықтады (ФОТО)

28 тамыз 2019 4479 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Нұр-Сұлтан өкілдігінің әйел ұстаздарына арналған жалпы жиналыс болып өтті. Қаладағы 11 мешіт бойынша ұстаздық қызмет атқарып, дініміздің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан ұстаздар қауымы жаңа оқу жылы қарсаңында жоспарларын бекітіп, жаңа жобалар жайын пысықтады.

Бас шаһардағы 11 мешіт бойынша Әйелдер-қыздар секторының жауапты маманы, ұстаз Динара Нұрғалиеваның жетекшілігімен өткен жиналысқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысып, жұмыс бағыттарымен танысты.

Атап айтқанда, бірер күннен соң барлық мешіттерде басталатын Діни ашу курсының жұмыстары, дәрістер мен сабақ жүйесі талқыланды. Сондай-ақ, әйел жамағаты арасында теріс ағым зардаптарынан сақтандыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарының жүйесі күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болды. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, әйел жамағатының білімін арттыру, түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру, т.б. түйткілді тақырыптар қозғалған жиналыс барысында ұстаздар қауымы өз ойларын ортаға салды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру