Елорда ұстаздарына Бас мешітте ауызашар берілді (ФОТО+ВИДЕО)

30 мамыр 2019 5376 0
Оқу режимі

Елорда төріндегі Бас мешіттің «Берекелі Рамазан» дастарханының қонақтары Нұр-Сұлтан қаласындағы ұстаздар қауымы болды. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, білім көгіне қанат қақтырған аяулы мамандық иелеріне республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауыз ашып, берекелі отырысқа қатысты.

Бас шаһар мектептерінде білім шоғын маздатып жүрген білікті мамандарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов өзі қарсы алып, отырыстың рухани салмағын арттыра түсті. Қасиетті Рамазан айы жайында тағылымды уағыз айтып, тұшымды сұхбат жүргізді.

Бас мешіттегі ауызашар дастарханында бас қосып, арқа-жарқа күй кешкен аяулы ұстаздар да өз алғыстарын айтып, көрсетілген сый-құрметке ілтипат білдірді. Дастархан соңы қасиетті Құран аяттарымен әрленіп, жамағат болып қой жайған дұғамен аяқталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру