Елордада 50 бүлдіршінді тегін сүндеттеу шарасы өтті (ФОТО+ВИДЕО)

31 тамыз 2019 6883 0
Оқу режимі

Бүгін Елордамыздағы №2 балалар ауруханасы мен Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен тегін сүндеттеу шарасы болып өтті. Аталмыш шараға қаладағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған жанұя балалары шақырылып, №2 аурухананың алты операциялық бөлімі және алты хирург жұмылдырылған. Аурухананың Бас дәрігер орынбасары Айдын Нұртасұлының айтуынша, аталмыш шараға 50-ге жуық бүлдіршін тіркелген көрінеді.

Аталмыш шараға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов арнайы қатысып, ата-аналар қауымына сүндетке отырғызу рәсімінің мән-маңызы мен шариғаттағы орны жайлы қысқаша ақпарат беріп өтті. Сүндетке отырғызу шарасының сәтті өтіп, бүлдіршіндердің аман-есен ержетуін тілеп, арнайы дұға жасалды.Шара соңында сүндетке отырғызылған бүлдіршіндерге ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру