ЕЛОРДАДА «ӘДІЛЕТТІ ХАЛИФАЛАР ӨМІРІНЕН ӨНЕГЕ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

01 наурыз 2023 1924 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты «Әл-Ғани» мешітінде «Әділетті Халифалар өмірінен өнеге» атты Елорда имамдарына арналған семинар өтті.

Семинарда діни оңалту бөлімінің  меңгерушісі  Хасан Ташайұлы Аманқұлов  деструктивті діни ағым (ДДА)  жақтастарымен жұмыс жасаудағы Орта Азияда оқылған көне түрік кітаптарының орны және оларды оқытудың маңыздылығын атап айтты. ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков атақты Халифалар кезінде пайда болған діни ағымдардың методикасын, таралуын және зиянын айтып, әділетті Халифалар өмірінен өнегелер келтірді.  Сондай-ақ, Діни оңалту бөлімінің маманы Данияр Кенжалин ДДА жақтастарымен қалай жұмыс жасалып жатқанын түсіндіріп өтті.  Жиын соңын «Әс-Сәләм» мешітінің наиб имамы Төрежан Жүніс көне түркі тілінде жазылған «Устади Әууәл» кітабы бойынша дәріс оқып қорытындылады. Сонымен қатар, ол жиынға қатысушы имамдарға аталған кітапты практикалық оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Шақырылған қонақтардың тұшымды баяндамасынан елорда имамдары тың ақпараттарға қанық болды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру